Мейрамбек Бесбаев Алматыда концерт беріп, туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Today.kz. Қос қуанышқа қалың көрерменмен қатар, әртістің өнердегі әріптестері мен өмірдегі достары келді.
Мейрамбек Бесбаевтың сахнада жүргеніне 30 жыл толуына орай Алматыдағы Республика сарайында өткізген “Елге сәлем” атты жеке кешіне келген халықтың санында шек болған жоқ. Халық алдында есеп берген соң елдің ерке ұлы жора-жолдастарына дастархан жаюды жөн көріпті.
Мейрамбектің 41 жасқа толуын жұрт екі күннен бері тойлады. 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні әншіні жұбайы Мархаббат пен өнердегі әріптестері ерекше тәсілмен құттықтады. Олар Бесбаевқа тосын сый жасаған.
Туған күн келесі күні де жалғасын тауып, соңынан концерт пен әдемі отырысқа ұласты.