Келінін жұртқа таныстырып, жанкүйерлер армиясын көзайым қылған Гүлзира Айдарбекова енді немересін көрсетті. Ол алғаш рет Қайрат пен Жұлдыздың ұлы Ханның суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
“Балапанымның балапандарын сағынып отырғанымды-ай! Шекерден шыққан мёд дерсің. Тәп-тәтті”, – деп жазды Айдарбекова бөліскен суретінің тұсына.
“Керемет жаңалықпен ерекше тосынсый жасаймын дегенмін. Сағынышым ішіме сыяр емес. Ол күн де жақын. Алла күш-қуат берсін, өмір берсін”, – деп түсіндірді Дубайда демалып жатқан Айдарбекова.
“Қайраттың қай баласы? Нұралы ма?” деген сұраққа Гүлзира Үсенқызы:
“Нұралы деген немерем жоқ, бұл – Хан”, – деп жауап берді.