Төлеповтар шаңырағында қос қуаныш. Бір тойды аман-есен өткергені сол еді, енді тағы бір тойға дайынық басталатын сияқты.
Жас депутат Асылхан Төлепов кеше ғана бойдақтықен қоштасып, шаңырақ көтерді. Дүркіреген той мен дүйім қауымның ішінде інісі Артур Төлепов те сүйіктісін туғандарымен таныстырып, үйленуге ұсыныс жасады.
Ағасының қуанышынан шабыттанып кеткені ме, “Негізі вертолеттің үстіне шығып алып, жерді өртеп, топырақты өртеп жасауға болатын еді”, деп ойын білдіріп, дәл осы уақытты пайдаланғанын айтты актер.
“Бұл күн мен үшін де, сіздер үшін де тарихи күн. Өсіп өндім, ақыл тоқтаттым. Құрметті қауым, құрметті Мадина. Бүкіл туған-туыстарымның алдында, отбасымның алдында сені бақытты қылуға уәде беремін. Ол үшін не керек? Ол үшін сенің маған тұрмысқа шығуға дайынмын деп, менің сөзімді қабыл алғаның керек”, деп Артур Мадинаның саусағына жүзігін тақты.
https://kaz.365info.kz/toj-khytty-bolsyn-almaty-akimi-bauyrzhan-bajbek-tojda-zhyr-video-288514
https://www.instagram.com/p/BbNHC31l279/?taken-by=asylkhanaisulukz
https://www.instagram.com/p/BbNGk4wFyJy/?taken-by=asylkhanaisulukz