Оқушылар төртінші сабақтан кейінгі үзілісте мектеп ауласында серуендеп жүрген. Жоғары сыныптың оқушысы оларды шақырып алып, қара түсті жол талғамайтын көлікке алып барған.
Ал көлік ішіндегі сол аймаққа танымал бұзақы оқушыларды қорқытып, көлікке отыруды бұйырған.
Бұл жөнінде заңгер Айгүл Орынбек желі қолданушыларына айта отырып, бала мен ата-ана бүкпесіз қарым-қатынаста болғаны дұрыс деп кеңес берді.
“Кримналдық авторитет мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп әжетхана қаздырған.
Оларды үлкен қара джип күтіп тұрған. Балаларды қорқытып машинаға салып үйіндегі жер асты құбыр жүретін жолды қаздырған. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдары біткенше толық ештеңе ашып жаза алмаймын. Ата-аналарды сақтандыру үшін құлаққағыс ретінде ескертіп отырмын. Балаларыңызға абай болыңыздар. Бір мезгіл сырласып, ой бөлісіп құлыным “мен сені жақсы көремін” деген сөзді жиі айтуды ұмытпаңыздар!
Ал Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлеріне респект! Қылмысты алдын алу деп осыны айтады. Бүгін оларға туалет қаздырса, ертең адам өлтіруге, ұрлық жасауға итермелеуі əбден мүмкін”,-дейді заңгер.