Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

«Бензин қымбат, бала-шағам аш қалды» — кризиске түскен қазақ таксисі

Яғни, 200 теңге мен 500 теңгенің арасы. Сәл бағаны қоссаң, шоршып түседі.

«Бензин қымбаттаса біз кінәліміз бе? Ана, жоғарыдағы жемқорларға айт. Айлықты көтерсін. Ана ұятсыз депутаттар жалақыларын көтеріп алды ғой. Халыққа да қарайлассын», деп арс ете түседі.

Есігіңді тарс жауып, артыңа келіп тұра қалған басқа көлікке қол бұлғайды. Сондықтан «клиенттің» айтқанына амалсыз көнесің. Бірақ ол жолды ақтай ма?

Мәселе сонда ғой. Мысалы, 2000 тенгеге құйған бензинің қазір түкке жетпейді. Шындығы сол, қала көшелерінде «жабайы таксовкамен» айналысатын қазақтар одан артық ақшаға бензин құймайды. Сол 2000-ға құйған бензиннен 4-5 мың теңге жасауға тырысады. Сөйтіп асығады, клиентке таласады, жол ережесін бұзады. Соғылады. Мінгендері ескі машина. Ол жолда бұзылады, өшіп қалады. Тауы шағылып үйге қайтады. Үйде әйелі, бала шағасы соның ақшасына қарап отыр. Жағдай қиын.

https://kaz.365info.kz/taksist-bolu-degen-osy-bauyrym-259971

Қайтіп күн көремін?

Бензин қымбаттаса да амалсыз таксовать етіп күн көріп жүр, қаншама қазақ?! Басқа не істейді, енді? Таксоват етіп жүріп байқағаным, біздің халық таксиге мінгенді жақсы көреді. Бірақ жол ақысын төлеуде өте сараңдық танытады. «Бәленбай» деген жер дейді. Әлгі айтқан жерге жеткізсең, «сәл оңға жүр, сәл солға жүр» деп қан ішеді. Апармайтын болсаң неге алдың, деп ренжиді. Ақшаны лақтырып береді де, есікті тарс жабады. Есік жапқанда машинаң шашылып қала жаздайды.

Обшым, сұмдық. Біздің қазакең «рахмет» дегенді әрең айтады. Солай. Мұны қойшы.

Бәрінен бұрын бензиннің қымбаттағаны жанға батуда. Мұнайдың үстінде отырып, бензин тапшылығына тап болғанымыз енді айтарға ұят нәрсе. Шынын айту керек, жаман-жәутік көлік мініп, бала-шағасын таксоват етіп асырап жүргендер үшін бұл үлкен соққы болып тиуде.

Бірақ оны ойлап отырған жоғарыдағылар бар ма? Өз ұпайлары түгел болса болды да. Қайтпек керек? Білмеймін. Не істейміз, халайық?!

https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006

Жомарт Мырзажан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз