Димаш Құдайберген кеше шетелдегі ән байқауына қатысып, әділ қазыларды аяғына жығылтып, табындырған қазақстандық 10 жасар әнші қызға өз қолдауын білдірді.
Айта кетелік, кеше Украинаның „Голос. Дети„ байқауының іріктеу сынында қазақстандық 10 жасар қыз Данэлия Төлешова барлық әділ қазыны тәнті етіп, тәлімгер ретінде өзіне таластырып қойды. Әділ қазының бірі:
„Сен Құдайдың сыйысың. Біздің байқауды таңдап, бізге келгеніне мың алғыс!„ деп жыларман болды.
“Браво, ханшайым. Өте жақсы орындадың. Финалға дейін жетесің деп үміттенемін! Мен саған сенемін”, – деп Димаш Құдайберген Данэлияның Instagram-дағы видеосының астына пікір қалдырды.
Айта кетейік, алматылық Данэлия Төлешова аталған ән байқауында Дэми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, көрерменді тәнті етті. Украина тәлімгерлері 10 жастағы алматылық қызды “құбылыс” деп танып, оны “әлемнің болашақ жұлдызы” деп бағалады. Ал бұл жаңалықты естіген қазақ жұрты: „Димаш секілді тағы бір талант шықты арамыздан„ деп қуанысып еді. Міне, Димаштан да ілтипат келіп жетті.