Алматыдағы қылмыс ең көп жасалатын Алмалы мен Наурызбай аудандары екен. Прокурорлардың мәлімдеуінше, жыл басынан бері онда 10 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Бұған халықтың көп шоғырланғаны да себеп сияқты деп хабарлады Алматы телеарнасы.
«Қылмыстардың санаттарына байланысты барлық түрлерінде азаю байқалып отыр. Адам өлтіру бойынша, ұрлық болсын, ұялы телефондарды ұрлауға байланысты. Солардың барлығының тіркелген пайыздары төмендеп отыр. Бүгінгі күні аса ауыр жасалған қылмыстардың ашылу пайызы 90 пайыздан жоғары. Алматы бойынша, адам өлтіру 100 пайызда ашылып отыр», – деді ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарма басшысы Ерлан ӨТЕГЕНОВ.