Азаматтар жайлы ақпараттарды жасырын алып жүргендердің мәселесімен енді бірнеше құзырлы мекеме айналыспақ,-деп жазды КТК арнасы.
Атап айтқанда, бұл істі Бас прокуратура мен жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродағылар да екі жақтап тергейтін болды. Яғни, анықтаманы қолдан-қолға бергендер тек жұмыстан ғана қуылып тынбайды.
Кейін анықталғандай, Халыққа қызмет көрсету орталығы инспекторы оларды банктерге қызмет көрсететін коммерциялық ұйым өкіліне алып берген. Осы әрекеті үшін инпектор жұмысынан қуылғанымен, азаматтар жайлы анықтаманы заңсыз алдырған «Глобал капитал» компаниясының басшылары жұмған ауыздарын ашар емес. Мән-жайды түсіндірмек түгілі, тілшілерді табалдырығына да жолатпады.