Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ақтөбеде інісіне субсидия алып берген ауыл әкімі жұмысынан айырылып қалды

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Ержанов алаяқтық жолмен мемлекеттік субсидияны алды деген күдікпен қамауға алынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Қайыржан Тоқышевтің айтуынша, субсидия беретін комиссия мүшелерінің арасында ірі көлемде субсидия алып отырған шаруашылық басшылары бар және бұл мүдделер қақтығысы деп есептелетінін жеткізді.

«Ірі ауыл шаруашылығы ұжымын басқаратын, қомақты субсидия алатын адамдар комиссия құрамында болмауы тиіс. Әдеп кеңесі мен прокуратура бірігіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде 10-нан астам шаруашылыққа субсидия дұрыс берілмегені туралы дерек анықталып, тәртіптік жазаға тартылды.

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының әкімі қызметінен кетті. Халық арыз жазды.

Тексеру кезінде табынға 10 аталық мал, яғни, бұқа қосылды деп көрсетілген, шын мәнінде 7 аталық малдың болғаны анықтады. Шаруашылық иесі 10 аталыққа субсидия алып отырған. Қазіргі кезде субсидияға берілген қаржы қайтарылып, әкімнің өзі қызметінен кетті»,- деді Қайыржан Тоқышев.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия беру жұмысын электронды түрде өткізетін болды. Басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбдиевтің айтуынша, субсидия беру кезінде арнайы ереже жасалып, бекітілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз