Қыс түсе доңғалағын жаппай ауыстыратындарға енді «Ш» белгісін жабыстыру міндетті емес. Бүгін Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысына қатысты заңға осындай өзгертулер енгізді, деп хабарлайды КТК.
Яғни, бұдыр шегесі бар доңғалақ қолданатын жүргізушілер мұндай белгіні көлікке өз қалауымен жабыстыра алады. Егер ол жоқ болса, ешкім жауапқа тартылмайды. Айта кетейік, бұған дейін Әкімшілік полиция комитеті темір тікенді доңғалағы бар жүргізушілерге «Ш» белгісін тағуды міндеттеген болатын. Тіпті, ереже бұзылса, айыппұл да салатын.