Түркияның Мерсин қаласында жарылыс болды.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Төтенше жағдай Енишехир ауданында полицейлердің автобусы кетіп бара жатқан маңда болған. Алдын ала болжам бойынша, жарылыстың салдарынан 17 полиция қызметкері мен бір тұрғын жараланыпты.
Дереккөзінің мәліметінше, бұл оқиға теракт ретінде қарастырылуда. Жарылғыш зат қоқыс контейнеріне орналастырылып, алыстан басқарылған.