Жұлдыз Әбдікәрімова енді атақты әнші Қайрат Нұртастың әйелі ғана емес, халық оны жаңа қырынан, актриса ретінде тануда. Тіпті, осындай аз мезетте Жұлдыздың атын жамылып инстаграм ашып алған адамдар саны- көл дария. Сонымен, Жұлдыз Әбдікәрімованың желіде жеке парақшасы бар ма?
Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімованың енесі Гүлзира Айдарбекова өз парақшасында жария етті. Бұрын-соңды келінінің суретін жүктемеген қайын енеге оқырмандар таң қалысып қалды.
“Құрметті оқырмандарым! Жұлдыздың атынан 70-ке жуық алаяқтардың жалған парақшалары ашылған болатын. Бір қызығы “Мына жерде қобалжып тұрғаным” деген сияқты фейк бола тұра, Жұлдыздың өмірін қиялмен сүріп жатқандар күн санап көбеюде. Подписчик тез арада жинап сол парақшаны сатып ақша жасау пиғылдарымен. 30 дан аса жалған парақшаларды жойдық, әлі жартысы бар. Сол себепті, мен сіздерге уәде бергендей, нағыз парақшасын сіздерге белгілеп көрсетпекпін”, – деп бөлісті ол оқырмандарымен.
Жұлдыз Әбдікәрімова болса, Қайратпен түскен отбасылық суреттерін жүктеп, желідегі белсенділігін бастап кетті.