Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Дәурен Айдарқұлов алғашқы әйелімен қайта қосылған ба? (фото)

375

Парақшамда пікір қалдыруға шектеу қойған соң, жекеге сан мыңдаған сұрақтар келіп жатыр. Осы жазбамда маған жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсем деймін. Сонымен, екеуміз қайта қосылдық па? Жоқ. Біз екеуміз ресми түрде және шариғат жолымен ажырастық. Дәуренмен және оның ата-анасымен қарым-қатынасым мінсіз. Олар 9 жылдан бері менің ата-анам болып келді, әрі қарай да солай болып қала береді. Ал Дәурен екеуміз жақсы доспыз. Екеуміздің үш баламыз бар, бір-бірімізге қырын қарағаннан тек балалар қиналады. Бұған дейін де айтқанымдай, ажырасуға мен де қарсымын. Алайда отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасап, алайда одан ештеңе шықпаса, ең болмағанда балалардың бақытын ойлау керек”,- деп жазды Баян.

Ол “Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе?” деген сұраққа да жауап беріп, Дәуренмен қосылуға зауқы жоқ екенін айтты.

“Жоқ! Әркімнің өз таңдауы бар, мен өзім таңдау жасадым. Оны кешіргеніммен, жан дүнием бос,  жек көрмеймін де. Өзім таңдау жасағандықтан,

қайта қосылуға зауқым жоқ.

“Бұрын бар жүрегіңмен жақсы көрген адамды қалай жібере салуға болады?”,- дейтіндерге  менің жауабым: Өткен өмірімді қазіргі өміріммен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен жәй ғана бар болсам,  қазір өмір сүрудемін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін!”, – деп жазды Баян Әкімжанова Instagram парақшасында.

Еске салсақ, танымал әзілкеш “Кешью” тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен екінші отбасын құрған. Бірақ жуырда ғана Ақбота Дәуренді бірінші отбасына жібергенін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз