Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

ЕХРО-да таныстырылған ноу-хауды отандық экологтар сынап көруде

Қазгидромет атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылауды республиканың ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында жүргізеді. Қазіргі уақытта мұндай бақылау 49 елді-мекендегі 146 бақылау бекетінде, соның ішінде 56 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде және 90 автоматты бекетте жүргізіледі. Сондай-ақ, бақылау 14 жылжымалы зертхананың көмегімен жүзеге асырылады.

2017 жылғы 11 шілдеден бастап Астана қаласында ауа сапасын бақылау автоматты постында (№ 5 пост, құтқару станциясының ауданында орналасқан) ҚР жағдайына бейімделуін тексеру және қазіргі уақытта ауа сапасының мониторингі үшін пайдаланылатын ресейлік өндіріс құралдарымен мәліметтерді салыстыруды жүргізу үшін финдермен өндірілген бір Vaisala датчигі орнатылған.

ЭКСПО-2017 шеңберінде финдік әріптес осы AQT-420 атмосфералық ауа сапасының автоматты датчигін таныстырды. Ол автоматтық режимде концентрацияны өлшеуді алты ластауыш заттар: азот диоксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, озон, өлшенген бөлшектер РМ 2,5 және РМ-10 арқылы іске асырады.

Бүгін «Қазгидромет» РМК лабораториясының бастығы Аманбаева Дана финдік ноухаудың артықшылықтарын атап өтті:

«Датчиктер шағын көлемде, мобильді, қаланың кез келген нүктесінде оңай орналасады, мысалы, бағанада, дуал немесе ғимараттың шатырында, сондықтан жеке жер телімін бөлудің қажеті жоқ. Бұдан басқа, датчик жоғарғы дәлдікке ие, ауытқуы 1-3 пайызды құрайды, бұл мұндай құралдардағы ең жақсы көрсеткіш. Күн панелінің арқасында, датчик төменгі энергия пайдалануға ие. Сондай-ақ біз үшін ауа сапасының датчиктеріне қосымша метеорологиялық параметрлердің қосымша жиынтығын алу маңызды, өйткені ластануды анықтауда бағытты, желдің жылдамдығын, және басқа да қоршаған орта параметрлерін білу қажет».

Артықшылықтардан басқа, спикер датчикті пайдалану процесі барысында анықталған кемшіліктерді де атап өтті. Жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторингі жүйесінде орнатылған газ анализаторлары мен Vaisala датчиктерінің көрсеткіштерін салыстыру нәтижелері жарияланатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз