Ирландиядағы Лимерика университетінің зерттеушілері адамның көз жасында, ақуызда және омырау сүтінде болатын лизоцим ферментін зерттеуге алды. Ғалымдар механикалық ықпал етудің арқасында аталған ферменттен электр энергиясын алуға болатынын анықтады.
Бұл туралы БЕЛТА басылымы хабарлайды.
Бұл жерде сөз пьезэлектрлі әсер жайында болып отыр. Оны қарапайым асүйдегі оттықтан табуға болады.
Зерттеушілер болашақта аталмыш ферменттен электр энергиясын алуға болатынын дәлелдеді.