Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болған.
Алматыдан Шымкентте ұшқан Ан-28 санавиация ұшағының апатқа ұшрау себебін Қазақстандағы танымал блогер Денис Кривошеев айтып берді.
“Бастапқы деректер. Ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болса керек. Экипаж екі рет айналып, ұшақты далаға қондырмақ болды. Конструкция бұған мүмкіндік беретін еді. Өкінішке орай, ұшақ төмендей бастағанда, электр желісіне ілініп, күрт айналды да, қанатымен бағанаға соғылды. Соққы салдарынан қанаты жұлынып кетті”, — деп жазды Кривошеев әлеуметтік желіде.