Сақшыларды жерден алып жерге салған генерал тексеріс жүргізіпті! Бүгін Ішкі істер министрлігі интернетті шулатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Онда полиция генерал-майоры Асқар Оспановтың Астанадағы бөлімдердің біріне ескертусіз кіріп барып, сақшылардың жер жебіріне жетіп жатқаны анық көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Өкініштісі, генералдың сауалына полицейлердің бірде-бірі жауап бере алмай ұятқа қалған. Тіпті, қолындағы тапаншасының колибрінен де бейхабар болып шыққандары да бар. Тексере келе, бұның былтыр түсірілген видео екені анықталды. Бұны интернетке кімнің салғаны да тексеріліп жатыр. Ал, міндетін толық білмегені үшін сауатсыз сақшылар жазасын алыпты.
“Осылайша, ол қызметкерлердің штаттан тыс жағдайдағы әрекетін тексерген болатын. Барлық процесс камераға түсірілген. Бейнематериалдар әдістемелік құрал ретінде жазылған болатын”, – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.