Шымкентте құдалар артылған тең-тең жүгі бар түйе керуенімен келіп, елді таң қалдырды.
Көшеде келе жатқан түйелерді көрген жұрт басында орталықта әкімдік ұйымдастырған бір шара болып жатыр деп ойлап қалыпты. Бірақ керуен көші орталық емес, жеке бір үйдің алдына тоқтайды. Сөйтсе бұл сол үйге келген құдалар екен. Тіпті, керуеннің жанында бір жылқы, екі қымбат көлікпен қатар көкте тікұшақ та жүр. Иә, құдалар тікұшақ та жалдапты.
Еске сала кетелік, аллдында Шымкентте той кортежіне тікұшақ қатысып, ақырында оларға айыппұл салынған еді. Тікұшақты 1 сағатқа жалдау құны – 500 мың теңге.