Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Дым түсініксіз”. Ақтауда орыс мектебінің ата-аналары қазақ тілі пәнінен бас тартып жатыр

530

Ешқандай ереже жоқ. Мұғалімдер аудармасын бермейді, түсіндірмейді. Сөйтіп, балаларымыз кітапқа қарап, дым да түсінбей отырады.

Қазір мектептерде берілетін оқулықтар бойынша пәнді қосымша әдебиет пен сөздіксіз меңгеру мүмкін емес. Ал бізге өз қалтамыздан жаттығулары бар оқу дәптерлері мен сөздіктер сатып алыңдар деді. Екі дүкенде ғана бар екен, бағасы да қымбат, сондықтан мемлекеттік тілді оқудан тіпті де бас тартуға тура келіп отыр, себебі мектеп бағдарламасы балаларға білім бермейді, жүйкесін жұқартады да қояды. Қосымша оқулықтарды әрбір отбасы сатып ала алмайды”, – дейді ата-аналар.

Ал мектеп директоры Бекес Іспекеев ата-аналарға өз қалтасынан ешкім де жұмыс дәптерлерін сатып алуға міндеттемегенін айтады. Ата-аналарға балалары пәнді оңай игеруі үшін ерікті түрде осы дәптерлерді сатып алу ұсынылған.

“Мектеп пәндер бойынша оқулықтармен 100 пайызға қамтылған. Қазақ тілі бойынша жұмыс дәптерлеріне қатысты ата-аналар мен мұғалімнің арасында түсінбеушілік болған. Ата-аналар балалары пәнді түсінбейді деп шағымданды. Оған мұғалім мектепке жұмыс дәптерлерін алып келіп, қаласа өз балаларына қосымша оқу құралдарын сатып алуды ұсынған, ал ата-аналар оған шағымданған.

Бұл мәселені мектеп ішінде-ақ, БАҚ көмегіне жүгінбей шеше алар едік. Мектебімізде ата-аналарға ешқашан оқулық сатып алу міндеттелмеген.

Қазір ата-аналар жиналысын өткіземіз, жұмыс дәптерлері бойынша мәселеші шешеміз”, – деді мектеп директоры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз