Құпияның құлпы ашылды! Осыдан үш жыл бұрын отау құрған Төреәлініңұлы жуырда үйлену тойын атап өтпек.
Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұxбат берген Төреғали бұл жолы жеке өміріндегі ақиқатты айтуға тас-түйін дайын.
«Ол кезде қолым удай бос еді. Сол кезде келін әкеліп қойдым. Сол кездері маған қойылған сұрақтың барлығы сол жұбайым жайлы болып кетті. Мен бірақ үйлену тойымды жасайтын кезде өзім айтамын, естімей қалмайсыздар дедім. Ол тойды менің қияламдағы бүкіл қазақтың тойы болады деп армандайтынмын. Біздің әулеттің емес, бүкіл қазақтың келіні болады деп эфирден уәде берген кезім де болды. Енді Алла қуат берсе, уәдеде тұрып, сол сөзді орындайтын кез келді» – дейді жанұясындағы жағымды жаңалығын жеткізген Төреш.
«Мен ақ көйлек кимедім ғой, біздің той болмады ғой деп наразылығын білдірген кездер болды. Шыдамның да шегі бар дейді ғой.
https://kaz.365info.kz/makhsat-ysenov-bir-aj-birge-bolganym-yshin-magan-pater-aperdi-adelya-kim-281127
Қанша сабырлы болғанымен ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы ғой» – дейді жұбайын жұмбақ жанға айналдырған xитмен.
Бір қызығы, Қайратпен Төреғалидің құпиясы қатар ашылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, жақында Нұртасұлының да жұбайы Жұлдызды дүйім жұртқа таныстырған болатын. Бірге түскен фильм жарыққа шыққаннан кейін Жұлдыздың өзі де бөлек өнер адамы атанып кетуі әбден мүмкін.
«Жоқ, бұл сәйкестік шығар мүмкін. Қайрат кино түсіріп жатыр ғой. Менікі кино емес енді. Мен осыны күттім, 25-ке келіп, бір концерт жасап, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасап, ат шаптырып, күрес ұйымдастырмасақта менің бұл міндетім ғой. Міне, сол осы уақытқа сәйкес келіп қалған сияқты», – дейді Төреғали.
https://kaz.365info.kz/bayan-makhsatkhyzy-ekinshi-ret-azhyrassam-tagy-kitap-zhazamyn-281116
Иә, бұдан былай Төреғали жұбайын жасырмайды. Айта кетейік, Төреғали мен Толқынның дүбірлі тойы қазан айының 17-ші жұлдызына жоспарланып отыр.
«Тәуелсіздік алғаннан бері, тәуелсіздігінен айырылған еркек жалғыз мен емеспін ғой. Ол әрбір жігіттің отау құру, ұрпақ сүю, ата-анаңа келіннің қолынан шай ішкізу, немере сүйдіру өмірге келгендегі міндетіміздің бірі ғой. Мен елімнен, жұртымнан, ақ бата алғым келеді», – деп құпиясымен бөліскен Төреғали, бүгінде тойға қызу әзірлік жүргізіп жатқандарын жеткізді.