«Елбасының бастамасын қолдап, латын графикасымен таңбаланған мақаланы жарыққа шығардық. Оны дайындауға шамамен бір сағат уақыт кетті», – дейді мақала авторы, басылым басшысы, ШҚО облыстық мәслихатының депутаты Риза Молдашева.
Молдашеваның айтуынша, бүгінде қазақ тілін латыншаға көшіру үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан барлық жағдай жасалып отыр.
«Қазақ әліпбиін кириллицадан латыншаға көшіру – ұлтты біріктіріп, ғылыми-техниканың дамуы мен Қазақстанның әлемдік заманауи коммуникациялық процесстерге еніп кетуіне жол ашады», – деп атап өтті журналист.