Осыдан бірнеше жыл бұрын Толқын есімді сүйіктісін ұзатып алған әнші сол күйі үйлену тойын жасамаған еді. Соған қарап жұрт әншінің шаңырағы шайқалған деп түрлі болжам жасады. Елге жарын таныстырған Қайрат Нұртастың әрекетінен үлгі алса керек-ті, Төреш биыл үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек.
Бұдан өзге, Төреғали 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, бұл ақпаратты растады.
https://kaz.365info.kz/khajtadan-ysheu-boldykh-keshyu-tobynyn-khyramy-tagy-da-ozgerdi-280957
“Үйлену тойын жасаймыз бұйырса, келіншегім өзі сөйтіп таңғалып жүр”, – деді ағынан жарылған Төреш.
Бағдарламаның толық нұсқасы алдағы жұмада көрерменге жол тартады.