Латын қарпіне көшсек, компьютерлік пернетақта мен смартфонды телефондардағы таңбалар қалай өзгереді? Ел арасында пікірталас туғызған жаңа латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы әлі де өзгере ме? Әлде қала ма? Ғалымдар мен мамандардың бүгінгі сөз жарысында қандай ұсыныстар айтылды?
Жоғарыдағы сауалдарға 31 арна тілшілері жауап табуға тырысып көрді.
“Сингормонизм заңдылығы бұзылады деген қауіп бар. Екінші бұл буын үндестігі. Буынға ажыратылуы қиындай түседі. Қиындық тудырады оқыту барысында”, – дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Нәзира Серікқызы.
Сондай-ақ Назира жаңа әліпбиде граматологияның орфаграциялық негізгі нормасы «бір әріп бір дыбыс» принципі негізге алынса дұрыс деп санайды. Ал жазушы Смағұл Елубай латынға қазақ мектептері де, орыс мектептері де қатар көшсе – ел бірлігі арта түседі дейді.
“Қазақстандағы мектептің бір бөлігі Латын әрпінде қалатын болса олар бір-бірін түсінбейтін деңгейде қала бермек. Екіге бөлінген халықтың аражігі ашыла бермек. Бұл үлкен саяси идеологиялық келеңсіздікке салдарға алып келуі мүмкін”, – дейді жазушы Смағұл Елубай.
Ал жазушы Бейбіт Қойшыбаев жаңа әліпбидегі қазақ тіліне тиесілі әріптерді қосарлап жазудың орнына Байтұрсынұлының тәжірибесіне сүйеніп, қазақ әріптерінің жанына дәйекше қоюды жөн көреді.
“Пернетақтада бар. Ағылшындардың үтір сияқты жоғарыдан қойылатыны бар емес пе сол дәйекше болар еді. Әріп қойғанның орынына а дан кейін соны қойсақ жоғары жақтан үтірді ол ә болар еді.О-ның жанына қойсақ ө, у-дың жаны қойсақ ү болып оқылар еді”, – дейді жазушы Бейбіт Қойшыбаев.
Ғалымдар осылайша ойларын ортаға салғанымен латын әліпбиінің қолданысқа енуін қолдайды. Жаңа әліпби ұлттық ерекшелігіміз болып қана қоймай, ұлт тұтастығының да себепкері болуы керек деген пікірде.