Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Айдос Сарым ЕХРО мен Абу-Дабидағы төбелестің қандай байланысы барын айтты

122

Оны ешкім айтпаса да ішім сезіп тұр. Мәселен, шетелдік жұмыс күшін Қазақстанға алып келуге рұқсат беретін кім? Әрине, үкімет. Екіжақты келісімшарттар жасалады. Ал ол келісімшартта Қазақстан заңын бұзатын нормалар қаптап жүреді. Мәселен, Абу-Даби құрылысымен айналысатын компания шетелден қанша жұмысшы алып келемін десе, өз еркі екен. Келісімшартта солай делінеді. Ал Қазақстан заңы бойынша қалай?..

Шетелдік компания Қазақстанда жоқ, тапшы мамандарды ғана әкелуі керек. Онда да олар жергілікті мамандарды үйретіп, іске баулыған соң, белгілі бір уақыттан соң кері қайтуы тиіс. Біздің заң солай дейді.

Бірақ оны сақтап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан осы арадағы заңсыздықтарға баса мән берген жөн.

Екіншіден, басқа-басқа, қарапайым құрылысшыны шетелден алдыртып қайтеді?

Басқаны айтпағанда, ЕХРО нысандарын салу қазақтың қолынан құрылыс келетінін дәлелдеп берді емес пе?..

Ахметжан Есімовтің өзі есеп бергенде:

– ЕХРО нысандарын салудың арқасында 50 мың жұмысшы құрылысқа тартылды, – деді.

Ал маусым айының басында негізгі құрылыстардың басы бітті. ЕХРО көрмесі басталып кетті. Демек, бір Астананың өзінде 50 мың құрылысшы жұмыссыз қалып тұр ғой. Олар не істейді?..

50 мың жұмысшының 2 мыңы сол арада қайтадан жұмыспен қамтылды делік. Жаңадан салынған нысандарға еден жуушы, күзетші керек дегендей. Ал 48 мыңын қайтеміз? Олар өзі не істеп жүр? Әрине, Астанадағы құрылыс алаңдарын аралап, олар жұмыс іздейді.

Төбелес болды делік, бірақ 1 сағаттың ішінде қара-құрым халық ол араға қалай тез жинала қалды?

Олар бірін бірі білетін азаматтар. Хабарласты, шақырды, жиналды. Ол – сол Астанада жұмыс іздеп жүрген азаматтардың ұйымдасқан тобы. Басқа ешкім емес. Студенттер жоқ, олар каникулда. Демек, елімізде сұранысы қанағаттандырылмаған, наразы әлеуметтік осындай топ бар. Сондықтан  жұмыссыздық жайы өзекті, бүгіндері бұл Үкіметтің күнтәртібінде қаралуы тиіс кезек күттірмейтін мәселенің бірі деп білемін, – дейді саясаттанушы.

Айдос Сарым ЕХРО біткен соң, ҚР Парламенті Мәжілісі алдында сөйлеген сөзінде Елбасының тарифтерді көтеру туралы ұсынысынан жаңашылдықтың бір лебі сезілетінін айтады.

” ЕХРО жабылды – мұнай дәуірі аяқталды”

– Осыған дейін де Қазақстан үшін мұнай дәуірі аяқталды деп бірқатар шенді мәлімдеме жасаған. Ал мен

ол  ЕХРО көрмесі жабылған 10-қыркүйекте аяқталды

деп, айтар едім.

Ал бұл не деген сөз? Бұл аста-төк заманның аяқталғанын, енді шенеуніктердің, Үкіметтің экономикамен мықтап айналысатын кезі келгенін білдіреді. Осыны біздегілер енді ғана түсінді. Қалай түсінді дейсіз бе?..

Мәселен, 2008-2009 жылдары Қазақстанның ішкі жалпы өнімі адам басына шаққанда 14 мың долларға жақындаған болса, енді 2020 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда, бәлкім, 11 мыңға әрең шығады, қазір, мәселен, 8-9 мыңның айналасында жүрміз. Демек, шикізаттан, мұнайдан түсетін табыс күрт төмендеген.

Енді шикізатқа қарамай, өз күшімізбен табыс табуға, үнем жасауға, бүгінгі заманның талабына сай болуға дағдылануымыз керек. Елбасы сол үшін де Үкіметбасының қос орынбасарын алмастырды деп ойлаймын.

Саясаттанушы Интернетті ауылдарға жеткіздік, үкіметіміз электронды болды дегенмен, бұл ретте, атқарылмай жатқан бізде шаруа әлі көп екенін айтады.

-ЦОН, электронды үкімет деген бар, біз дамып келе жатырмыз деп ойлаймыз ғой, өзімізше, ал, шын мәнінде, алға шығып кеткен түгіміз жоқ.

Мәселен, біз Алматы бойынша зерттеу жүргізіп көрдік. Мәліметтер базасы толыққанды емес, біз оның бірінші кезеңін де әлі жүзеге асырып үлгермеппіз. Көрдіңіз бе? Сондықтан „Цифрлы Қазақстан„ бағдарламасын жүзеге асыру әлі де өзекті. Осы тұрғыда осы саланың білікті маманы – Асқар Жұмағалиевтің Үкіметке келуі кездейсоқтық емес. Бұл Елбасының электрондық тұрғыда дамуға аса мән-маңыз беріп отырғанын білдіреді.

Үкіметке қазір Ерболаттай жігіттер керек…

Ал Ерболат Досаевты міндетті сақтандыру реформасының дайындық жұмысына жауапты болу үшін әкелген секілді , – дейді Айдос Сарым.

-Ерболат туралы әртүрлі пікір бар. Бір анығы, ол реформатор, көптеген тың идеясы бар азамат. Жауапкершіліктен қашпайды, бір емес, бірнеше рет опық жеген. Қателікті өз мойнына алып, қызметтен кеткен кезі де болды. Менің ойымша, қазіргі қысылтаяң кезеңде үкімет ішінде жауапкершілікті өзіне алып, жағдайды бұра білетін осындай азаматтар керек-ақ.

Жалпы, біздің Үкімет жүргізіп жатқан экономикада бірізділік жоқ. Елбасы осы жолғы сөзінде міндетті медициналық сақтандыру дегенді тағы керіге созатынын айтты.

Жалпы, біздің үкімет стратегиялық жоспарлау жағынан қатты ақсайды.

Соңғы кездері оған менің қарным қатты ашып жүр. Енді мынаусы қалай? Кәсіпкерді, жұмыс берушіні, әкімдіктердің барлығының аяғын бір етікке тығып, медициналық міндетті сақтандыруды енгіземіз деп, жарна ақшасын жинатып алды, енді келіп, оны шегере тұрайық деп жатыр. Іс шала ма, не бұл?..

Қалай дегенмен де үлкен реформадан опық жеп жүрмейік деген ишарат секілді. Міне, осылайша  -қарапайым, қисынды, парасатты пайымға биліктің өз миымен, өз тәжірибесімен жеткеніне қуанып отырмын.

Тариф өсе берсін, бізге керегі сол!

Сондай-ақ Айдос Сарым тарифке қатысты да реформа жүргізу керек екенін айтады.

-Тариф деген бір әңгіме шықты. Кезінде Ресеймен, ТМД-дағы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстан көптеген реформаны өз уақытында қолға алып, үлгеріп кеткен. Бізде мемлекетке қызмет етуші монополиялық құрылымдардың жұмысы біршама нарыққа жақын. Бірақ соған қарамастан, нан, су, тоғымыздың бағасына нарықтық тетіктер енгізілмеген. Оған қоғам мен биліктің де дайындығы жоқ. Өйткені бұлардың айналасында көптеген бизнес бар, көптеген мүдде бар, соның ішінде, монополистердің де.

Егер бұған үлкен реформа деп байыптылықпен қарайтын болсақ, онда оны қорықпай бастап кету керек сияқты.

Бұл 1-қазаннан бастап баға қымбаттайды, біз ду қол шапалақтап, оны қуана қарсы аламыз деген емес. Ол кем дегенде, осы нарықтың ішкі жағдайын түсіну, ондағы ойыншылар кімдер, соны ашық білу, бізге келіп жатқан квитанциядағы баға неден құралады, мұны адамдар біле алатындай жағдайда жүргізілсе, онда құба-құп. Өйткені сонда ғана нақты қадамдарға барып, монополистердің іс-қимылын бақылап, заңсыздықтарды ауыздықтауға болады. Бұл осы нарықтағы бәсекелестікті күшейтеді. Баға мен өмірдің, баға мен нарықтың арасындағы айтарлықтай алшақтықты қалай да жақындатуға болатын секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз