Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотында 9 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты үкім шығарылды.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Әбүйір болғанда қыз бала қаскөйдің қолынан сытылып шығып, үйіне аман-есен жеткен.
Биыл сәуір айында Мирный поселкесінің тұрғыны өз үйінің жанында ойнап жүрген 9 жасар қызды көріп қалады. Ол қызды ұстап алып, қорқытып зират жаққа алып барады. Сөйтіп сол арада өзінің арам ойын іске асырмақшы болады. Алайда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып кетеді.
“Соттың үкімі, сонымен қатар алқа билер шешіміне қарай, сотталушы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 120-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып, жазасын қатаң режимдегі бақылау колониясында өтейді. Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінеді баспасөз хабарламасында.
Тергеу жұмыстары кезінде сотталушының кінәсы дәлелденді. Іс соттың және алқа билердің отырысымен қаралды.
https://kaz.365info.kz/shirbek-k-pishov-yztekeler-pedofilder-ta-yrybynan-ashu-a-bolmajdy-229952