Ахметов пен Мамайдың бостандыққа шығуында не сыр бар? Бұл биліктің жұмсарғанының белгісі емес пе? Саясаттағы жылымықтың басталғанын аңғартпай ма? “Қамшы” порталы осы мәселе төңірегінде ой толғаған екен.
https://kaz.365info.kz/zhamaliev-bilip-zh-r-ojnas-degen-to-al-emes-242253
Осы және елдегі басқа да оқиғалар Қазақстанның саяси өмірінде белгілі бір деңгейде жылымық орнай бастағандай әсер қалдырады.
Кейбіреулер мұны мемлекет басшысы жасының ұлғаюымен байланыстырса, басқалары биліктегі ірі ауыс-түйістер қарсаңындағы саяси қадамға балап отыр.
«Билік транзиті» соңғы он жыл шамасында Қазақстандағы саяси ортада талқыланатын негізгі тақырыптың бірі болып келеді. Жыл басында жарияланған саяси модернизация туралы бастама, билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта қарау бұл әңгімелерге жаңаша қарқын беріп, осы тараптағы болжамдардың қайта жандануына себеп болуда.
Ал, мына саяси сипаты бар делінген қос азаматқа қатысты үкімдер сол күрделі процестің бір бөлшегі ғана.
Жанболат Мамай жас болғанымен, саясат сахнасында есімі біршама танымал журналист. Журналистігінен бөлек, түрлі саяси оқиғаларға, мемлекеттік билік жүйесіне қатысты өзіндік ұстанымы бар тұлға.
Оның қудалануын тек өзінің кәсіби қызметі, саяси ұстанымдарымен байланыстыру жеткіліксіз.
Тағылған айып та оның сыртқы күштермен, атап айтқанда, шетелде жасырынып жүрген экс-банкир Мұхтар Әбіләзовпен байланысына қатысты болды. Сот, тергеу қорытындысы бойынша журналист бас бостандығынан айырылмағанымен,
аталған іс М. Әбіләзовке тағылған айыптарды қуаттаушы құрал қызметін атқарды.
Яғни, Ж. Мамай бостандыққа шыққанымен, М. Әбіләзовке тағылған айыптар күшінде қалды.
https://kaz.365info.kz/m-simov-prezidentti-ma-ajyn-zhem-orlardan-tazartuda-ajs-ltan-nazarbaev-245777
Ал, Серік Ахметовке қатысты жаңа шешімге келетін болсақ, экс-премьердің бостандыққа шығуының сыр-сипаты өзіндік ерекшеліктерге ие.
Оған қатысты тергеу амалдары басталған сәттен бастап-ақ қоғамның басым бөлігі С. Ахметовтің жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деген айыптарға сенген жоқ.
Соңғы сот отырысына дейін Ахметовті ақтау жөніндегі үкімді күтті. Алайда, алғашқы сот инстанциясы С. Ахметовті және бірнеше лауазымды тұлғаны айыпты деп тауып, экс-премьерге 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Апелляциялық сатыда С. Ахметовтің жазасы 8 жылға қысқарды. Қаңтар айында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, өтелмеген жазасы тағы да 4/1 бөлікке, яғни, 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды.
Осы орайда, алғашқы сот сатысында-ақ Ахметовпен бірге тергелген бірнеше лауазымды тұлғаның кінәсіз деп танылғаны, бірнешеуіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалғанын айта кету керек.
Аталған іс бойынша тағы бір танымал фигура Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев те бес жылға бас бостандығынан айырылып, кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.
https://kaz.365info.kz/ajn-r-t-rsynbaeva-to-al-alu-a-shoshyp-araudy-azheti-zho-242786
Яғни, саясаттағы жылымық туралы сөз қозғауға да осы Серік Ахметовтің бостандыққа шығуы негіз болып отыр.
Ал бұл
«жылымықтың» қаншаға созылатыны, қамауда отырған тағы қандай танымал тұлғалардың жазасы жеңілдейтіні әзірге белгісіз.