Қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі билет бағасын екі еседей төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстан билік өкілдері теміржол тасымалдары үшін қосымша құн салығының нөлдік мөлшерлемесін енгізу туралы мәселені қарастыруда, бұл билет бағасының төмендеуіне алып келеді, деп хабарлады ТМД елдерінің теміржол транспорты бойынша кеңесінің дирекция төрағасы Петр Кучеренко.
Кучеренко атап өткендей, теміржол шығындарының көбеюіне әсер ететін негізгі фаткорлардың бірі қосылған құн салығы болып табылады.
“Бұл көрсеткіш жүрілген жолдар бойынша жалпы шығынның 40 пайызын құрайды, бұл мәселе заң жүзінде шешілмесе, өзіндік құнда артады. Ал біздің бәсекелес авиаторларда салық заңнамасы бойынша басымдықтар қарастырылған: халықаралық бағдарлы тасымалдарда қосылған құн салығы 0 пайыз, тіпті жанармай үшін”, — деді Кучеренко форумда.
Сол себепті Теміржол транспорты бойынша кеңес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін белгілеуді ұсынады. Бұл билет бағасын 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Кучеренконың айтуынша, Қазақстанда жаңа Салық кодексі жасап шығарылуда, сол кезде Кеңестің де ұсыныстары ескерілетін болады.