1977 жылдың 5 қыркүйегінде Америка ғарышқа «Вояджер-1» автономды аппараты ұшырылды. Вояджер – содан бері… әлі күнге дейін Жерден ұзап, ғарыш тұңғиығына сүңгіп барады.
Voyager 1 — адамның қолымен жасалған ең жылдам ғарыш апараты. Қазір оның жылдамдығы секундына 17 шақырымға жетті, өзі Жерден 21 миллиард шақырымға ұзаған.
Ол тоқтамайды: NASA жоспарына сай, енді шамамен 300 жылдан кейін «Вояджер» Күн жүйесінен шығып кетеді.
Қазірдің өзінде аппараттың сигналы Жерге дейін араға 19 сағат салып жетеді, бірақ ғалымдар байланыстың жаңа әдісін табамыз деген үмітте.
Кей мамандардың бағалауынша, «Вояджердің-1» энергиясы 2030 жыла дейін жетуі мүмкін. Одан кейін «жансыз» аппараттың шексіз ғарыштың қай бұрышында жүретінін ешкім білмейді.
Бірақ оны басқа біреулер де тауып алуы мүмкін. Сол себепті «Вояджердің» бортында ерекше жүк бар: түрлі дыбыстар жазылған шағын пластинкалар, Жер туралы, оның тарихы, адамзат туралы суреттер мен мәліметтер бар…