Бірақ, қорқатын дәнеме жоқ. Бұл-бейнеклип түсірілімі екен. Әнші Лидо шығармашылық жұмыстарын қайта жаңғартса керек. Жақында әнші тыңдармандарын жаңа әні мен бейнебаянын ұсынды. Әншінің туындысы “Твоя” деп аталады. Ал, басты рөлде Санжар Мадиев пен Лидо.
https://kaz.365info.kz/ishimdikti-kynde-ishkem-dilnaz-ahmadieva-agynan-zharyldy-278798
Әнші актердің қабілеттілігіне рақметін білдіріп жатты, ал желідегілер болса клиптің жақсы шыққандығы актердің жұмысы деп қостап отыр.
“Санжар, көп рахмет саған. Сен мінсіз актерсің. Сенің арқаңда мен де өз рөлімді алып шықтым. Негізі бұл жайында көп уайымдаған едім”, – деп жазды Лидо желідегі парақшасында.
Алдарыңызға бейнебаянды ұсынып отырмыз. Сіз де бағалап көріңіз.