Бұл жоба жекеменшік қаржы есебінен іске асырылған. Ақмола облысының тұрғыны, Германия азаматы Александр Лоренца тарихи отанына оралғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысады. Бүгінде ол «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС директоры, «Capital Projects LTD» ЖШС құрылтайшысы, деп хабарлайды Вnews.kz.
Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Целиноград ауданының әкімі Таткеев, «Ақмола-Феникс» АҚ бас директоры Максим Божко мен ауыл тұрғындары қатысты.
«Бүгін біз жаңа мектепті пайдалануға беріп отырмыз, мұнда сендер білім нәрінен сусындайсыңдар. Көпшілігің аудан мен еліміздің тарихында өзіндік ізін қалдырар тұлға болып қалыптасатындарыңа сенімдімін. Жаңа оқу жылында жаңа табыстар тілеймін», – деді аудан әкімі.
Мерекеге орай аудан басшысы Бірлік ауылының кішкентай тұрғыны, биыл мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған мүмкіндігі шектеулі бала Жанасыл Болатқа оқу құралдары мен компьютер сыйлады.