Белгілі әнші Қайрат Нұртастың өз інісінің тойында билеген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Бұл видео Facebook желісіндегі Made In QaZ парақшасында жарияланды.
Перінің қызындай мүсіні сұлу қызбен биді „өлтіріп„ жатқан Қайрат Нұртастың бұл видеосы әншінің інісі Аянның үйлену тойында түсіріліпті. Видеодан той залындағы жастардың, оның ішінде ортаға шығып билеген Қайрат Нұртас пен белгісіз қыздың биін көруге болады.
“Әйелін шын сүйетіні әйеліне қараған көз қарасынан көруге болады! Бақытты болсын!”, “Осылай жәймендеп көрсете бастайды әйелі мен отбасын!”, “Жарық дүниге шықты-ау бір күйеуімен билеп. Молодец, міне қазақтың ибалы, инабатты келіні” деп жазған кейбіреулер.
Ал тағы бір қолданушылар оның басқа бір қыз екенін айтқан. Қайтсе де, басым көпшілігі қыздың өту сұлу екенін айтып, бақыт тілеп жатыр.
Қазір бұл видео ВК желісіндегі „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.