Адам өмірінің ұзақтығы 114-115 жыл, деп санайды голландиялық ғалымдар.
Нидерландыдағы Тилбург университетінің ғалымдары, адам баласының қанша жыл өмір сүре алатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Зерттеу негізі ретінде соңғы отыз жылда отыз төрт жастан асып қайтыс болған жетпіс бес мың голландиялықтың өмір ұзақтығына сараптама жасалған.
Тарихта ең ұзақ өмір сүрген француз әйел Жанна Кальман жүз жиырма екі жасында дүние салған. Ал ерлер арасында рекордшы Дзироэмон Кимура жүз он алты жыл өмір сүрген.
Дереккөз: sputniknews.kz