Отандық әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің оқырмандарымен жақсы жаңалықпен бөлісті.
Әнші өзінің әлеуметтік желісінде, жаңа пәтерге көшу барысындағы суретін жариялады. Өзінің инстаграмында әнші бұл көптен күткен күн болғандығын жеткізді.
Жаңа пәтерін Сәдуақасова көрсеткен жоқ. Тек көліктегі отбасымен түскен суретін ғана жариялаған. Жанкүйерлері әншінің заттарын қытай сөмкесімен көшіріп жүргендігін байқап қалған.
“Құтты болсын”, “Мәдина, сізде басқа сөмке жоқ па?”, ” Артында шақпақ сөмке тұр ғой”, деп жазды желідегілер.