Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Жұмыс уақытында мешітке барған мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолданылуы мүмкін

“Бұл мәселеге байланысты мемлекеттік қызметшінің этика кодексі бар. Оны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қабылдаған болатын. Осы этика кодексі бойынша кез келген мемлекеттік қызметші өз діни сенімін ашық түрде көрсетпеуі тиіс. Одан басқа еңбек кодексі де бар. Еңбек кодексінде жұмыс уақытында кез келген жұмысшы немесе қызметші өз жұмыс орнында болуы керек. Сондықтан бұл жерде тек этика кодексі мен еңбек кодексін сақтау мәселесі. Бос уақытында ешкімге ешқандай шектеу қойылмайды. Бос уақытында немесе демалыс күнінде кез келген азамат кез келген діни мекемеге — мешіт болсын, шіркеу болсын еркін бара алады”, — деді Ермекбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл мәселе жаңа заң жобасы аясында әлі талқыланып жатыр. Министрдің айтуынша, жауапкершілік күшейтілуі мүмкін.

“Қазіргі заң жобасында бұл мәселеге байланысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Жауапкершілік күшейтілуі мүмкін”, — деді Ермекбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз