Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова 10 раундтық кездесуде болгариялық Милена Колеваны айқын басымдықпен жеңіп, WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Үшінші раунд алғашқы екеуіндегідей Шәріпованың басымдығымен аяқталды. Миленаның бұрыштан бұрышқа қашуы төртінші раундта да жалғасты.
Қарсыласын нокаутқа түсіруге тырысып баққанымен, Милена соңына дейін шыдас берді. Бірақ, сегізінші раундта қолдарын сұлқ түсіріп, әбден қалжырағаны анық еді. 10-ыншы раундта екеуі де барын салды. Көпшілік күткен нокаут болмаса да, Фируза даусыз жеңіске жетті.
https://www.youtube.com/watch?v=HXdZ6ftpAJ8