ҚР Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25 процентке төмендету туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
“ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25 процентке төмендету туралы шешім қабылдады”, – делінген банктің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Еске сала кетелік, биыл 17-шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған болатын. Сол кезде банк өкілдері жылдық инфляция деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағаларымен сәйкес келетінін және нысаналы дәліз шеңберінде қалып отырғанын, инфляциялық күтулер тұрақты деңгейде қалыптасқанын мәлімдеген болатын.