Қазақстандық атақты продюсер Баян Мақсатқызы өзінің туған жері – Орал қаласында «Баян. Өзім жайлы ғана емес» автобиографиялық кітабының тұсаукесерін өткізді.
Кейіннен ол желідегі парақшасына өз кітабында “алғашқы махаббатым” деп жазған Лешасының қазіргі күйеу жігіті Тұрсын Алагөзовпен бірге түскен суретін жариялаған.
Суретте продюссердің “қос ғашығы” барынша бақытты болса керек, қол алысып, күлімдеп түсіпті. Ал Баянның оқырмандары кітапта айтылған Лешаны бірден таныды.
Кейбір желі қолданушылары екі жігітті салыстырып, өз ойларын ашық білдірген.