Алматы маңында ұшақ құлады, қаза тапқандар бар.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Ол Азаматтық авиация академиясына тиесілі жаттығуға арналған шағын ұшақ екен. Ұшақ тізгінінде болған курсант пен инструктор қаза тапқан.
Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те “Технам 2002” әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған. Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.