Жамбылда өз ауласында өлі табылған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Терлікбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмды өлімге қызметтік тексерістің теріс қорытындысы итермелеуі мүмкін. Қазір осыған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Ол баппен біз тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанымыз рас. Ол кісінің жұмыс барасында жаңағы өзінің қызметіне байланысты қандайда бір шикілік болса, ол жағын біз қарастырамыз. Тергеу уақыты әлі бар”, – деді Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы: Мақсат Ережепов.
Тергеу барысында мәйіттен жіп ізінен басқа дене жарақаты анықталмаған. Нақты сараптама қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Ажал құшқан азамат бір күн бұрын кәсіби мерекелеріне орай қызметкерлерін құттықтап, бірге атап өтіпті. Кәсіпорында ревизорлық бақылаудың болғанын әріптестері де растайды.
“Жалпы жоспар бойынша, Ішкі Бақылау Департаменті Оңтүстік өңірлік бөлімі ревизиясының ревизоры Наурызбаева С. Н. Так-к-к, 4-і күні біз қарсы алдық, жұмысшыларды құттықтады, басшымыз арамызда болды, көңіл-күйі жақсы болды”, – дейді «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалы «Луговой» рельс дәнекерлеу кәсіпорнының менеджері.