Қазақ кәсіпкерлері қырғыз елінен 5 мың долларға қошқар сатып алды.

Бұл туралы көрші елдің Тurmush.kg сайты хабарлады.
«Қожалықта тек гиссар тұқымды қойлар ғана бар. 2000 жылы Тәжікстанда болдым, сонда осы тұқымды сатып алдым. Содан бері әр екі жылда тұқымды жақсарту үшін қошқарларды жаңартып отырамын. Қазір менде 30 бас қой бар. Бір үлкен қошқарды саттым, оған Корабль деген есім де бердім.
Ол Қырғызстанда ғана емес, Қазақстан аумағында да белгілі. Жотасының биіктігі – 1 метр 8 см, ұзындығы – 1 метр 50 см. Салмағы – 190 келі. Өткен жылы қазақ кәсіпкерлеріне 5 000 долларға сатқанмын. Корабльдің жасы 7-де.
Алдағы уақытта Корабль сияқты жақсы тұқым алғым келеді», – деді фермер.

Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде талқылағандар қазақ кәсіпкерін сынға алған. Мәселен, біреу: „Одан да бір жақсы көлік сатып алмай ма, ақымақ екен„ деп жазады.