Танымал ақын әрі асаба Құрманай Бақтиярқызы қызын ұзатты.
Ақынның қуанышын бөлісуге қазақ эстрадасының белгілі әншілері мен әртістері келген. Cоның бірі – Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Инстаграмдағы жеке парақшасында тойдан видео салды.
Видеодан қонақтар ішінде Марат Омаров, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Шахизада сынды әншілердің барын байқауға болады. Ал ақынның өзі Қайрат Нұртастың хит әні – Ауырмайды жүректің авторы екен. Әрине, ақын әрі асаба болған соң Құрманай қызының ұзатуына барлық өнерін салыпты. Қызының бұрымын жіберіп, қазақша сыңсумен шығарып салды.
https://www.instagram.com/p/BXQ3OX7lUgH/?taken-by=gulziraaidarbekova