Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстаннан шетелге қаржы аударатындар көбейді

Ескеретін жайт, 2016 жылдың 1-ші  жарты жылдығында шетелге аударылған қаржы көлемі 15,1 пайызға қысқарған және 1 млн транзакциядан кем болған. Аударымның орташа сомасы 4 пайызға көбейіп, 175,5 мың теңге шамасында болған. Ал осы жылғы аударымдар бойынша “Золотая корона” жүйесі алдыңғы орында. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айында жүйе арқылы өткен жылдың алты айына қарағанда 32,3 млрд теңгеге артық қаржы аударылған немесе 53,7 пайызға жоғары. Нәтижесінде “Золотая корона”-ның нарықтағы үлесі 34,1 пайыздан 45,4 пайызға дейін артқан.

Ақша аударымдары ең жиі жасалған екінші жүйе  — “Юнистрим”, өткен жылға қарағанда 11,6 млрд теңгеге немесе 87 пайызға артық ақша аударылған.

Нарықтағы үлесі 12,3 пайызға дейін артқан. Үшінші орында – Faster. Бұл жүйе арқылы Қазақстаннан шетелге аударылған қаржы көлемі 3,3 млрд теңгеге немесе 33,4 пайызға ұлғайған, нарықтағы үлесі 6,5 пайызды құрады.

Ал Western Union жүйесі арқылы аударымдар керісінше, азайған. Мысалы осы жылы бұл жүйе арқылы аударымдар 5 млрд теңгеге немесе 13,4 пайызға қысқарған. Айта кетейік, түрлі жүйелер арқылы жасалған аударымдар Қазақстаннан қаржының жылыстап жатқанын білдіреді. Ал бұл аударылған қаржының орнын қалай толтыратынымыз белгісіз.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз