Сүттi қайта өңдеу үлесiн ұлғайтамыз. Бұл өз кезегiнде, сүт өнiмдерi өндiрiсi көлемiн 49 пайызға арттыруға мүмкiндiк бередi. Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов осылай айтты.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайы.
«Ауыл шаруашылығының тиiмдiлiгi аграрлық қайта өңдеуге байланысты. Себебi, ол ауыл шаруашылық өнiмдерiне сұраныс туғызып, оның қосымша құнын арттырады. Бүгiнгi таңда республика бойынша 1345 белсендi қайта өңдеу кәсiпорны бар. Олардың қатарында жұмыс iстеп тұрған 80 қайта өңдеу кәсiпорынын жаңғырту және тағы да жаңадан 79-ын салу қарастырылған. Мәселен, сүттi қайта өңдеу бойынша 148 кәсiпорын жұмыс iстеп тұрса, олардың 41-i қайта жаңғыртуды талап етедi. Ал 42 шағын кәсiпорын 2021 жылға қарай iске қосылуы тиiс», – дедi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу картасының жүзеге асу жоспары туралы баяндаған Мырзахметов.