Алматы облысының тағы бір тұрғыны бүлдіршініне қатыгездік танытқаны үшін қамауға алынды.
Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабымен қозғаған қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.
Сәбиге қатыгездік таныту дерегі 21-шілдеде көрші Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. 42 жасар Ават ауылы тұрғынының үш айлық баласынан бас сүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы анықталған.
”Есік қаласының ауруханасына расында айқын соққы белгілері бар үш айлық баланы жатқызды. Жаңа туған сәбидің анасы күдікті ретінде ұсталды. Дерек бойынша, Қ ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.