Желіде атыраулық тұрғынның күннің ыстығына жұмыртқа қуырғандығы туралы видео танымалдыққа ие болуда.
«Атыраудағы ауа райы туралы не айтуға болады? Отсыз асфальтта жұмыртқа қуырдық. 40-42 градус ыстық. Міне, солай…»,
– дейді видео авторы.
Айта кетейік, Атырауда аптап ыстыққа байланысты ТЖ департаменті тұрғындарға ескерту жариялап, ыстық ауа райы 21 шілдеге дейін сақталатынын хабарлады.