Алматыдағы Tele2 ұялы байланыс операторының абоненттері байланыстың нашарлығына шағым білдірді.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
ВКонтакте желісінің Tele2 ресми парақшасында қолданушылар байланыстың нашарлығын хабарлаған.
“Сіздің байланысыңыз тағы да түсіп кетті ма? Желі жоқ болса, интернет те жоқ, “тек төтенше қоңыраулар” ма, не мәселе, байланыс қашан пайда болады?”, “Мен Алматының орталығында тұрамын, сол үшін байланыс аясынан тыс жерге жаба салуға болмайды” – деді Tele2 абоненттері.