Осы күндері жас инспекторлар саптық байқау, велосипедті мәнерлеп жүргізу мен автоқалашықта велосипедті жүргізу, «Үздік үгітбригадасы», «Жол жүру ережелерінің білгірлері» және «Жас санитар» сияқты бірнеше байқауларда бақ сынасты.
«ЖЖЕ білгірлері» және «Жас санитар» байқауларында оқушылар жол жүру ережелерін және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудегі теориалық білімдерін көрсетті.
Велосипедті мәнерлеп жүргізуге қатысушылар велосипедті басқарудағы өздерінің шеберлігін көрсетіп, «сегіздік», «слалом», толқын, «науа», көлбеу тақтай, «әткеншек», түрлі биіктіктегі кермелерден жүріп өту сияқты түрлі бөгеттерден өтті.
Автоқалашықта велосипед жүргізуде әр қатысушы арнайы белгіленген маршрут бойынша шынайы жол жайғдайларына барынша жақындатылған жағдайларда бағдарлана білуін көрсетіп, автоқалашықты өтуі қажет болды.
Аталған жарыс кезеңінің қиыншылықтарына қарамастан балалар алдарына қойылған міндеттерді лайықты деңгейде орындап шықты.
Жексенбі күні слет қатысушылары үшін қызықты өтті. Жас қозғалыс инспекторалы «Үздік үгітбригадасы» байқауында сынға түсті.
«Автокөліктің тежеуіш жолы» байқау тақырыбы алдын ала берілген болатын. Қазылар алқасы сюжеттің мазмұны мен жаңашылдығын, тақырыптың анық және түсінікті баяндалуын, орындау шеберлігін, шығармашылық бастаманы, көрсетілім реквизитінің функционалдылығы мен оны үйлесімді қолданылуын бағалады.
Барлық он сегіз ҚЖИ жасағы бес минут уақыт ішінде түрлі жанрларда ұтымды, әсерлі және көңілге қонымды мәнерде берілген тапсырманың басты ойын жеткізді.
Үгітбригадалар байқауы туралы түсініктеме берген ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің ресми өкілі Ирини Лукьянина байқаудың маңыздылығын атап өтті. Себебі оған дайындық барысында балалар берілген тапсырманың маңызын, ауқымдылығын сезінді, оны болашақта мектептерде, балабақшаларда дұрыс жеткізе білетін болады.
Жас қозғалыс инспекторларының слеті жалғасуда. Байқаулар бағдарламасының басым бөлігі аяқталды, бүгін оқушылар Өскемен қаласының көрікті жерлерімен танысуға және алдағы байқауларға дайындық жүргізуге мүмкіндік алды.
Дереккөз: ШҚО ІІД баспасөз қызметі