Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Оңтүстік Корея шекарасында қазақстандықтарды тексеру күшейтілді

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, Қазақстаннан Кореяға барған заңсыз мигранттардың саны 2017 жылдың наурызында 4 168 адам болған. 2014 жылдан бері мигранттар саны 11 есеге өскен, заңсыз мигранттар туралы келісімге дейін Қазақстаннан 359 ғана адам барған еді. 2014 жылы Қазақстаннан Кореяға жаңа барған заңсыз мигранттардың саны 77 болса, ал келісім жасалғаннан кейін 3 520-ға дейін өсіп кеткен, яғни 45 есеге өскен. Елшіліктегілер Қазақстан азаматтарына Кореяға қандай жағдайда кіруге қандай негізгі себептер бойынша тыйым салынатынын атап өтті. Олар – аурухананы брондау немесе қай ауруханада емделетіні жайлы жоспарының жоқтығы кепіл роліндегі медициналық агенттің жоқтығы – медициналық сапар жағдайында; сапар жоспарының жоқтығы, көрікті жерлерді аралау жоспары, сондай-ақ, туыстары мен туристік агенттіктері жоқ жағдайда – туристік сапарлар жағдайында; шақыртқан ұйымдардың мәліметтері немесе нақты сипаттмалары болмаған жағдайда, Кореядағы серіктестер мен жоба жұмыстарының жоқтығы – іскерлік сапар жағдайында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз