Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Марат Төлібаев Facebook-тегі парақшасында шетелде тұратын таныс әйелдің жағасын ұстатқан жағдайды жазыпты.
Төлібаев былай дейді:
“Жуырда бір танысым өзінің Отанына – Қазақстандағы облыс орталықтарының біріне қонаққа барып, бір байдың мектеке барған ұлының «тілашарын» тойлатқанына куә болыпты. Онысы той емес, асқан даңғаза шоу болыпты! Шетелде тұратын танысым жағасын ұстап қайтты.
Ал баланы залға алтын сауыт киген әскерлер алтын таққа отырғызып алып келіпті. Балаға мол ақшалар, небір қымбат сыйлықтар қарша боратылып, сыйланып жатты.
Баланың өзі дән риза. Бала жасынан мұндай шектен шықан марапат неге әкеліп соғар екен? Бүйте берсе, қазақтардың болашағын ойлаудың өзі қорқынышты. Бұл не сұмдық?”.