Ақтөбеде әйнек жууға арналған сұйықтық, антифриз және пластик өнімдерін шығаратын цех ашылды.
Жылына 2 мың тонна отандық өнім дайындайтын өндіріске 15 адам жұмысқа орналасты деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Құны 1 млрд теңгеден асатын жобаның елімізде әзірге баламасы жоқ. Бұл өндіріске 35 адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Жалпы, өңірде экспортқа бағытталған және импортты ауыстыратын өндіріс орындары қарқынды дамып келеді.
Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:
– Алып зауыт оңай емес. Бірақ шығарып жатқан өнімдер керек. 30 адам жұмыс істейді, ертең 50 адам болады. Сөйтіп біз индустриалды аймақты толығымен іске қосуымыз керек. Негізі біздің мақсатымыз да, Мемлекет басшысының бізге қойып отырған талабы да сол.